00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада еріктілер коммуналдық қызметкерлерді қуантты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада еріктілер коммуналдық қызметкерлерді қуантты
ашық дереккөз

Елордалық еріктілер «Астана тазалық» ЖШС-да жұмыс істейтін, қаланың дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге гүл шоқтарын таратты.

Мерекеге орай гүл алған коммуналдық қызметкерлердің көңілдері көтеріліп, алғыстарын айтты.

Бізді құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлап жатқандарға көп рақмет. Осы сәтті пайдаланып, барлық әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Салтанат Жылқыбаева.  

Еріктілер көктемгі мерекеде әйелдерге жақсы көңіл-күй сыйлау арқылы ерекше әсерге бөленгендерін айтады.         

Ақ жаулықты аналарымызды, қыз-келіншектерді мерекеде аз да болса көңілдерін көтергенімізге қуаныштымыз. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, бақыт пен шаттық тілеймін. Біз әрқашан қолдауға, көмек көрсетуге әзірміз, – дейді еріктілердің бірі Ернұр Табынбай.

Айта кетейік, бұл акция 3 жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Олжас Сүлейменов