Елордалық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Кеше өткен бірінші жұмыс отырысында сандық құрамы анықталды. Хаттамалық шешім бойынша 31 адам саны бекітілді. Бұл ретте Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны жалпы санның кемінде үштен екісін құрауы тиіс, – деп жазды ол.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар арасынан Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 23 ақпан мен 9 наурыз аралығында қабылданады. Кандидаттарға қойылатын барлық талаптар мен құжаттар тізімі елорда мәслихатының сайтында жарияланған.
Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 6 мүшесі электронды дауыс беру арқылы сайланды, топтағы тағы үш адам мемлекеттік қызметкерлер.
Ұқсас жаңалықтар