00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Астанада қар қалың, аттап қалсаң алға адым...» (ФОТОРЕПОРТАЖ)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Астанада қар қалың, аттап қалсаң алға адым...» (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің ақпаратына қарағанда, елордада үш тәулік ішінде 10 мм-ден астам қар түскен. 14 ақпан, яғни кеше қар қалың болды - 4,7 мм.

14-15 ақпанда қаладан 28 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Коммуналдық қызметтер өткен тәулікте қар полигондарына 2 мыңнан астам рейс жасады.

Бүгінде қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 1000-нан астам арнайы техника мен 1500-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Ережеге сәйкес, коммуналдық қызметкерлер кептелісті болдырмау үшін алдымен жолдарды қардан тазартады.

Сондай-ақ алаңдар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар қарқынды тазаланып жатыр.

Қардан тазаланғаннан кейін елорданың жолдары мен тротуарлары осылай көрінеді.