Кәсіпкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Кездесуге «Даму «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Абдолла Нұрсұлтан Аристатлұлы, директордың орынбасары Альмуханова Гульнара Наукеновна, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының бас маманы Данияр Раимбаев, кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.
Онда бизнес өкілдері алаяқтардың қармағына ілініп қалмауы үшін төмендегідей мәселелер туралы хабардар етілді:
- субсидиялаудың ақпараттық жүйелерінің жетілмегендігі;
- АШТӨ-нің субсидиялар алу түрлері мен тәртібі туралы білмеуі;
- субсидияларды нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды бақылаудың, жауапкершіліктің және мониторингтің пәрменді жүйесінің болмауы;
- субсидиялау қағидалары нормаларының қайшылықтары және оларды екі жақты түсіндіру.
Сондай-ақ, кездесу барысында Департамент қызметкері Данияр Раимбаев квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтерді ұйымдастыру бөлігінде ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына, ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелеріне ерекше назар аударып, кездесуге қатысушылардың барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын одан әрі болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі кәсіпкерлерден қырағы болуды және ЭЦҚ-ны бөгде адамдарға бермеуді, қылмыстық схемаларға тартылмауды, «жеңіл» ақша алу үшін заңсыз әрекеттерді жүзеге асырмауды сұрады.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық схемалары белгілі және қадағаланатындығы, сондай-ақ шабуылдаушыларға сеніп, қылмыстық қудалау орбитасына тартылу қаупі бар екендігі ескертілді.