Тимур Мұратов: Бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінде бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті, екінші компонент 3 024 адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкер 4 836, мұғалімдер – 1 945, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 071, құқыққорғау органдарының қызметкерлері – 1 207, басқа топтағылар – 1 802», - деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, екпе алғаннан кейін денсаулықтың қатты асқыну жағдайлары болған жоқ. «36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бірінші және екінші компоненттерге арналған 2 вакцинация бөлмелері, вакцинациядан кейін пациенттерді бақылауға арналған күту бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істейді. Барлық емханаларда тоңазытқыш қондырғылары, вакциналарды қоймадан екпе салу мекеніне тасымалдауға арналған термиялық контейнерлер бар. Вакциналар барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталады», - деді Тимір Мұратов.
Ұқсас жаңалықтар