Елордада автобус жолақысын Transcard мобильді қосымшасымен төлеуге болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада автобус жолақысын Transcard мобильді қосымшасымен төлеуге болады
ашық дереккөз

QR-код арқылы жол ақысын төлеу және электрондық билет сияқты жаңа функциялар қосылған. "Негізгі" ретінде тіркелген көлік картасы үшін келесі функциялар қолжетімді: теңгерімді тексеру және толтыру; соңғы 10 күн бойынша жасалған сапарлар туралы ақпарат алу; картаны бұғаттау және жою; теңгерім аудару функциясы жақын арада қолжетімді болады. "Қосымша" карта үшін:теңгерімді тексеру көлік картасын толтыру «Сондай-ақ, тіркелу әлдеқайда жеңілдетілді. Енді тек аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, ЖСН көрсету қажет. Толық тіркелу үшін жеке куәліктің және көлік картасының фотосуреттерін бекіту керек. Деректердің сәйкестігін тексергеннен кейін, модератор аккаунтты белсендіреді», делінген хабарламада. Transcard мобильді қосымшасын Play Market пен App Store арқылы жүктеуге болады.