Қаллеки театры «Құнанбай» спектаклінің премьерасын ұсынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаллеки театры «Құнанбай» спектаклінің премьерасын ұсынады
ашық дереккөз

спектаклінің премьерасын ұсынады, деп хабарлайды Елорда Инфо театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 29, 30, 31 наурыз күндері тәуелсіздікпен құрдас театрдың жаңа сахнасында дайындалған алғашқы ауқымды қойылымның премьерасы өтеді. Абылай хан, Зере, Абай сынды дара тұлғалармен ерекшеленетін театр репертуарының қоржыны Құнанбай бейнесімен толығады. ҚР Тәуелсіздігінің және Қаллеки театрының 30 жылдығына орай сахналанған «Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Туынды авторы – Таласбек Әсемқұлов. Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов. Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдайды", - делінген театрдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Айта кетсек, 29 наурыз күні спектакль алдында бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Оған театр директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов  қатысады.