Елордалық оқушылар халықаралық ғылыми байқауда үздік атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық оқушылар халықаралық ғылыми байқауда үздік атанды
ашық дереккөз

Байқауға Фатима Ришатқызы «Жердің экономикалық тиімділігін арттыру идеяларын жасау үшін галилеялық айларды және Юпитер жүйесін бақылау арқылы астероидтерден сирек кездесетін минералдарды алу» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ұсынды. «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша қатысқан Фатиманың жұмысы жоғары бағаға ие болып, үздік атанды. Жас зияткерлер Эльмира Абенова мен Аяжан Темірболат «Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту үшін қой жүнін өндірудің келешегі» тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізді. Қыздардың жұмысы «Гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша топ жарып, І орынды иеленді. Жас ғалымдар арасында ғылыми-зерттеу қызметін дәріптеу мақсатындағы халықаралық байқау осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Байқауға ТМД, Түркия, Венгрия, Үндістан, Румыния және Чехия елдерінен 160-ға жуық жас ғалым қатысты. Мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар, аспиранттар және ғылыми қызметкерлер ұсынған ғылыми жұмыстар жаңашылдық пен өзектілік, негізділік, мазмұндаудың қысқалығы, авторлық тәсіл мен жеке үлес критерийлері бойынша бағаланды.