Елордада «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер саны артып келеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер саны артып келеді
ашық дереккөз

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасына 61 кәсіпкерлік субъектісі қатысады. Оның ішінде 22 - фитнес клубы, 12 - спа-орталық, 4 - бассейн, 3 - боулинг клубы, 16 - компьютер клубы, 4 сауна бар. Жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген «Ashyq» мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Жобаның артықшылығы — кәсіпкерлік субъектілерінің қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады. Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі: – «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде; – «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған; – «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ; – «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.