Елордада бір тәулікте 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бір тәулікте 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды
ашық дереккөз

Соңғы күндері елордада айлық нормадан бірнеше есе көп қар жауды. Нұр-Сұлтанның коммуналдық қызметтері екі ауысымды режимде жұмыс істеп жүр. Өткен тәулікте, яғни 25 наурызда қаладан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бүгін елордада қар күреу жұмысына 1 800-ден астам жол жұмысшы мен 1 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, ереже бойынша бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелердің қары күреледі. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. орындар тазартылады. Жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған. Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан 4 774 244 текше метр қар шығарылды.