Елорда әкімдігі қала тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімдігі қала тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды
ашық дереккөз

Сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймақта» енді. Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 248 жағдай тіркелді (оның ішінде 17 947 — симптомды және 10 301 —симптомсыз). Тәулігіне 203 расталған алғашқы зертханалық жағдай тіркелген (симптомдары бар 136 жағдай, 67 симптомсыз жағдай), өсім — 0,85%. Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі — өз өтініші бойынша. Осы жылдың 22 наурызында 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында — 53. Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды. Анықталған — 357 байланыста болған тұлғалар, барлық жұмыс істеп тұрған ошақтар – 1 321, оның ішінде: үй – 834 (байланыста болғандар саны — 1 497), ұйымдастырылған – 487 (ұйымдасқан ұжымдардағы байланыста болғандар — 1 917). "Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады: - Маска режимі; - адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар); - әлеуметтік қашықтық; - қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз. Қаладағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!", - делінген хабарламада.