Нұр-Сұлтанда аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында футболдан турнир өтті
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жас футболшылар "Мирас" аула клубының кубогына таласты. Турнир жеңімпазы "Эверест" аула клубының командасы болды. Екінші орынды "Мирас" аула клубының тәрбиеленушілері иеленсе, үшінші орынды "Лидер" аула клубының жас футболшылары иеленді. Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша келесі номинацияларда үздік ойыншылар анықталды: "Үздік қақпашы" — Даниал Серік ("Эверест" МҮ»); "Үздік қорғаушы" - Әлішер Бекежанов ("Мирас" МҮ»); "Үздік шабуылшы" - Алдияр Есенғабыл ("Лидер" МҮ). "Үздік сұрмерген" — Иван Абзелилов ("Эверест" МҮ). Жарыстың бас төрешісі Ибрагим Саттаров атап өткендей, турнир достық жағдайда өтті.
Ғалым Қожабеков
Ұқсас жаңалықтар