«Ashyq» қосымшасымен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер саны көбейіп келеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ashyq» қосымшасымен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер саны көбейіп келеді
ашық дереккөз

Айта кетейік, жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген «Ashyq» мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Мекемеге кірер кезде және шығар сәтте QR-кодтар белгіленеді. Осы арқылы келушінің вирус тасымалдаушы немесе тасымалдаушы еместігі туралы мәртебесі анықталады. Қазір қосымшаны фитнес-клубтар, спа-орталықтар, бассейндер, боулинг клубтары, компьютерлік клубтар мен сауналар пайдаланады. Кәсіпкерлер үшін жобаның артықшылығы — оның аясында жұмыс істей отырып, қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады. Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі: –– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде; – «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған; – «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ; – «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.