Елордада құрылысы ұзаққа созылған нысан пайдалануға берілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада құрылысы ұзаққа созылған нысан пайдалануға берілді
ашық дереккөз

"Бүгін - біз және «Зере-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлері үшін қуанышты күн! Мерекелік күндер қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталды. «Зере-1» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу бойынша соңғы жұмыстар жүріп жатыр. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді. Үйдің қаңқасы ғана болған. Бірінші кезекте үй мен инженерлік желілердің барлық жобалық-сметалық құжаттамасын дайындадық. Тұрғын үй кешені су, электр, жылу, кәріз сияқты инженерлік желілерге қосылды. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің қасбеті бойынша жұмыстар жүргізілді, терезелер, лифтілер, есіктер және т. б. орнатылды. Көктемде абаттандыру жұмыстарын бастауды тапсырдым", - деп жазды А.Көлгінов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бері) құрылысы ұзаққа созылған нысандар саны 2 еседен астам азайды. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. "Биыл пәтер кілттерін тағы 7 мың үлескерге беруді жоспарлап отырмыз. Осылайша үлескерлер көптен күткен қоныс тойын тойлап, пәтер иегері атанбақ", - деді қала әкімі. [caption id="attachment_70300" align="alignnone" width="834"] Фото: Александр Куприенко[/caption]