Алтай Көлгінов «Шығыс» ТК құрылыс барысымен танысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов «Шығыс» ТК құрылыс барысымен танысты
ашық дереккөз

«Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес үлестік құрылыс объектілерін аяқтау бойынша жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізудеміз. Осындай нысанның бірі - "Шығыс". Құрылысы ұзаққа созылған "Шығыс" тұрғын үй кешені бірнеше топтан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны - 2 мыңнан астам отбасы. Бүгін осы нысанға бардым. Бұл - "Шығыс" тобының 1А, 1В, 2А, 2В, 3А, 3Б, 4А (бірінші кезегі) блоктары. Барлық блоктарға қаржы бөлінді, қаржылық және техникалық аудит жүргізілді. Техаудит қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды: үйдің іргетасы мен жақтауының беріктігін тексеру қажет болды және т. б. Барлық блоктар бойынша мердігерлер анықталды», деп көрсетті қала басшысы. Мысалы, 1А және 1В блоктарында қасбеттік жұмыстар жүргізілді, лифтілер мен терезелер орнатылды. Инженерлік желілер жүргізілді. Жұмысшылар ішкі безендіруге кірісті. 2А және 2В блоктарында үйдің жақтауы көтерілді. Сондай-ақ, шатыр салу жұмыстары аяқталды. Қазір терезелер мен лифтілер орнатылып жатыр. 3А және 3Б блоктарында үйдің қаңқасы мен шатыры бойынша ұқсас жұмыстар жүргізілді. Лифтілер мен терезелер орнатылады. 4А блогында (1 кезек) монолитті жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Құрылыс жұмыстарын аяқтап, бұрын аталған тұрғын үй блоктарын биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бастап) құрылысы ұзаққа созылған нысандар санын 2 есеге азайттық. Биыл тағы 7 мыңға жуық үлескерге баспана беріледі. Үлестік құрылыстың әрбір объектісі бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары жасалды», деп жазды А.Көлгінов instagram желісіндегі парақшасында.