Алтай Көлгінов Оңтүстік-шығыстағы газ тарату желілерінің құрылыс барысымен танысты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов Оңтүстік-шығыстағы газ тарату желілерінің құрылыс барысымен танысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111980613804614.webp)
«Мердігерге, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді, қауіпсіздікке ерекше назар аударуды тапсырдым. Оңтүстік-шығыс шағын ауданының тұрғындары келесі жылыту маусымына дейін газға қосыла алады. Елді-мекен тұрғындары ғана емес, қала тұрғындары да үйлерін газбен жылыта алады», деп жазды қала басшысы instagram желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін, Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашық (бір бөлігі ғана) елді-мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алды. Биылғы жылыту маусымында ЖЭО-1 және ЖЭО-2 бірқатар су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды.
Газдандыру мемлекет басшылығының бақылауында. Газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады.
«Газдандыру атмосфераға тарайтын зиянды қалдықтарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, экологияға оң әсер етеді. Сондай-ақ, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Өйткені, көмірдің сапасын, оны сақтауды уайымдап, күні бойы үйде болудың қажеті жоқ»,- дейді Алтай Көлгінов.