00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ұрланған көліктердің 20%-ы шетелден әкелінген

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада ұрланған көліктердің 20%-ы шетелден әкелінген
ашық дереккөз

Егер шетелден әкелінген автокөлік ұрланған немесе қылмыстық іске қатысы болса ол айыппұл тұрағына жіберіледі. Содан соң тәулік ішінде әкелген елге автокөліктің табылғаны туралы хабарлама жіберіледі. Бізге сырттан көлік көбінесе Ресейден келеді. Мысалы, көлік Ресейде ұрланып, Қазақстаннан табылды делік. ТМД елдеріне ортақ заңға сәйкес Ресей жағы 1 жылдың ішінде ұрланған көлікке қатысты сотқа жүгіне алады. Жергілікті соттың шешіміне сәйкес ұрланған көлік не Ресейге жіберіледі не болмаса елде қалдырылады, – деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Диас Қадіров департаментте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шетелден заңды әкелінген автокөлікті Қазақстанда тіркеп, қолдануға рұқсат.

Бұған дейін айтқанымдай, өткен жылы елордада 113 көлік ұрланды. Оның 20 пайызы шетелден әкелінген. Жағдай әртүрлі. Айтар болсақ, адам көлікті сатып алады, кейін оны біреу ұрлап кетеді. Белгілі бір уақыттан соң ұрланған көлік табылады. Табылған көліктің тарихын зерттей келе, оның шетелден ұрланып әкелгені анықталады. Көрдіңіз ба? Мәселе қайда жатыр. Яғни автокөлік сатып алған адам оның ұрланған, яғни іздеуде екенін білмейді. Ондай жағдайда көлік иесі екенін дәлелдеу қиынға соғады. Кейбір жеңіл көліктер Ресейде есептен шығарылғанымен, Қазақстанда тіркелмеген болып шығады. Сондықтан көлікті заңға сәйкес тіркеп, қолданған жөн, – дейді ол.

Бұған дейін полиция департаменті өкілі астаналық ұрылардың кейпін суреттеп берді.

Сондай-ақ, брифингте елордада ұрлық көбіне қай жерде жасалатыны туралы айтылды.

Одан бөлек, Қазақстанда ұрлық жасау қылмысы бойынша жазаның қатаңдатылғаны белгілі болды.