Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жайы талқыланды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Кездесу барысында Ләззат Мұратқызы жемқорлыққа байланысты өз ойымен бөлісе отырып, қоғамымызда бұл індетпен қалай күресуге болатыны жайлы ойымен бөлісті.
Спикердің ойынша, бүгінгі таңда жастарға барлық мүмкіндіктер спекторы ауқымының кең екенін, тек талпыныс пен жігер қажеттілігін атап өтті.
Қоғамды өзгерту үшін, сыбайлас жемқорлықтан тазарту үшін адам өзінен бастау керек екені жайлы өз ойын білдірді.
Кездесудің мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, өз еліне адал және әділ қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл мемлекеттің міндеті.
Ұқсас жаңалықтар