Елордада апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жәрмеңкеге келушілер таңғы 8-ден кешкі беске дейін қажетті өнімдерді ала алады. Өз өнімдерін Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері, сондай-ақ астаналық аграршылар ұсынады.
Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері сатылады: сүт, бакалея, шұжық, ұн, балық және т. б.
Елордалықтар сиыр етін шамамен 2000 тг/кг, жылқы етін - 2200 тг/кг, қазы, жая - 2500 тг/кг сатып ала алады.
Айта кету керек, жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Тұрғындар бетперде киюі керек, қол гигиенасы мен әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.
Бұдан әрі жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері мына мекенжайда өтеді: Пригородный тұрғын алабы, Арнасай көшесі, 109 ғимарат.
Ұқсас жаңалықтар
27 қараша, 2024
Келесі жылы Нұра ауданында 20 аула аумағы абаттандырылады - Ерлан Каналимов
27 қараша, 2024
Елордалық құтқарушылар биік ғимараттарға жылдам көтерілу бойынша жарысты
27 қараша, 2024
Елімізде суды қайта пайдалану жүйесін енгізу жоспарланып жатыр
27 қараша, 2024
Елордада ғалым Шерубай Құрманбайұлының жаңа кітаптары таныстырылды