00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда отқа оранған қонақүйден балалар құтқарылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда отқа оранған қонақүйден балалар құтқарылды
ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 9 желтоқсан күні сағат 18:14 шамасында «101» пультіне Бұқтырма көшесі, 38 мекенжайында орналасқан 3 қабатты қонақүй кешенінде өрт шыққандығы туралы хабар түскен.

Қызыл жалын кешеннің жертөлесінде орналасқан саунадан шыққан. Өрт сөндіру барысында құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында 4 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. 7 адам эвакуацияланды. Жалын 80 шаршы метрді құраған.

Өрттің себептері анықталуда. Елордалық ТЖД 6 техникасы мен жеке құрамынан 27 адам жұмылдырылған.