00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сауда орталықтарында жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілуде

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сауда орталықтарында жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілуде
ашық дереккөз

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастамасы бойынша "Маркет-Радио Астана" ЖШС қолдауымен "Еуразия 1, 2", "Жаннұр", Строймарт сауда орталықтары, “Астықжан”, “Астықжан-1”, “Астықжан-2”, “Қостанай-1”, “Қостанай-2” сауда үйлері объектілерінде “Орбита”, “Шарын”, “Сарыарқа”, “Гүлжан”, “Шапағат”, “Аймақтау”, “Аружан”, МБО, "Вкус Март" супермаркеттер желісінде (7 дүкен) және орталық жағалауда "Еуразиялық цифрлық коммуникациялар көшбасшыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес "МР бір пара" аудиоролигі трансляцияланады.

Бұл аудиороликті трансляциялау мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Қоғаммен тікелей өзара іс-қимыл жасау арқылы ғана ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің негізгі міндеті – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қол жеткізуге болады.

Трансляция кезеңінде осы жылдың қазан-желтоқсан айларында барлық нысандарда эфирде 15 680-нен астам шығару жоспарлануда.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті бұл бағыттағы бейнероликтер мен аудиороликтер тарату жұмысын жалғастырады.