00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда лифт есігіне түкірген ер адам ұсталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда лифт есігіне түкірген ер адам ұсталды
ашық дереккөз

Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында лифт есігіне түкірген ер адам анықталған. Оны Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Ол 22 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

"Ақан сері көшесіндегі "Медина" тұрғын үй кешенінде бір топ жігіт лифтке кіріп, біреуі есікке түкіре бастаған. Қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамға қатысты ҚР ҚК-ның 434-бабын 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Ұсақ бұзақылық бабы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Материалдар шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.

"Қоғамдық орынға масаң күйде шыққаны үшін ҚР ҚК-ның 440-бабы бойынша хаттама жасалып, айыппұл салынды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ортақ мүлікке зиян келтіргені үшін жауапкершілік барын ескертеді", - деді полиция өкілі.