00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырып, қашықтықты және жол жүру ережелерін сақтау керегін ескертеді.

Бүгін ауа райының қолайсыздығы салдарынан қалада автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан. Жол апаты бүгін сағат 11.45-те болған.

"Ахматова көшесінен Петров көшесіне қарай жүріп бара жатқан 51 жастағы Iveco Crossway автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай Hyundai Accent көлігіне соғылған", - деп жазылған хабарламада.

Оқыс оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісіне қатысты Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Бұл дерекке соңғы шешімді сот қабылдайды.