00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бір тәулікте 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бір тәулікте 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді
ашық дереккөз

“Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 3 факті бойынша зардап шегушілер бар. Таңғы сағат 07.00-ден бастап 35 жол-көлік оқиғасы орын алды. Кеше сағат 20.00-де 36 жастағы "Шансиман" маркалы автокөлігінің жүргізуші Тәуелсіздік даңғылымен Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, көктайғақтың салдарынан көлік тізгініне ие бола алмай, бетон-арматуралық құрылғыға соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында жүргізуші зардап шеккен жоқ”, – делінген хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығына және көктайғақтың орын алуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият әрі сақ болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау және бүйірлік интервал қағидасын  бұлжытпай сақтауды ескертеді.