00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алтай Көлгінов сингапурлық қор өкілдерімен кездесті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов сингапурлық қор өкілдерімен кездесті
ашық дереккөз

“Біз шетелдік компаниялардың өкілдерімен тұрақты кездесулер өткіземіз. Осы жылдың 9 айында 730 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарттық. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестиция көлемі артты. Былтыр пандемияға қарамастан, жеке инвестициялардың рекордтық сомасы – 1 триллион теңгеден астам қаражат тарттық.

Қала тұрғындары мен елордалықтар үшін қажетті жобаларға қолдау көрсетеміз: мектептер, медициналық орталықтар, көтерме-тарату орталықтары, жылыжай кешендері, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар және т.б.

Бүгін сингапурлық «Golden Equator» қорының өкілдерімен кездестік. Түрлі салалардағы ынтымақтастық, қолда бар жобаларды қаржыландыру, стартаптарды қолдау және т.б. мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Венгрияның Tungsram компаниясының өкілдерімен ынтымақтастық жоспары талқыланды. Атап айтқанда, жарық техникасы өндірісін оқшаулау мәселелері, қаланың энергия тиімділігін арттыру үшін техникалық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері”, – деп жазды А.Көлгінов.