00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық келіншек балконнан баласымен секірмек болды (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық келіншек балконнан баласымен секірмек болды (ВИДЕО)
ашық дереккөз

«22 қазан күні сағат 17:30-да Кубрин көшесінің бойында полиция капитаны Қайрат Нариманов көпқабатты үйдің балконынан аяғын салбыратып тұрған әйелді байқаған. Оның қолында баласы болған. Ол секіру ниетімен балконның қанатында отырған. Оны байқаған полицей дереу кіреберіске қарай жүгіріп, жоғары көтерілген. Есіктің саңылауынан әйелдің оны байқамай тұрғанын пайдаланып, полиция қызметкері әйелді ұстап қалады» делінген хабарламада.

Кейін анықталғандай, жас әйелдің бір жарым жасар баласымен мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болған.

«Ол күні мен бір тәуліктік кезекшіліктен кейін демалыста едім. Балаларыммен балабақшадан қайтып келе жатып, үрейленіп тұрған азаматтар мен балконның қанатында отырған әйелді байқадым. Ойланбастан кіреберіске қарай жүгірдім. Осы кезде менімен бір куәгер лифтіге бірге кірді. Қуанышқа орай, әйелді аман алып қалдық», - дейді Қайрат Нариманов.

Содан кейін әйелін осындай жағдайға жеткізген жігітке қатысты қорғау нұсқамасы шығып, отбасы қатаң бақылауға алынды. Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.