Елордада автобустар қозғалыс кестесінен кешігіп жатыр
«Ауа райының қолайсыздығына (қар, тайғақ) байланысты көлік ағының және қоғамдық көліктерінің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Бағдар автобустарының қозғалыс уақытынан кешігіп жатыр. Қоғамдық көліктерге арналған жолақтар жоқ учаскелерде жүктеме жоғары болғандықтан автобустардың қозғалыс жиілігі айтарлықтай бұзылып отыр. Жолдарда жол-көл оқиғалары жиілеп кетті. Оның ішінде қоғамдық көліктер де бар», - деп атап өтті CTS компаниясының баспасөз қызметінен.
Осыған орай аталған компания жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда барынша сақ болуға шақырады.
«Барлық жүргізушілерден жолдарда барынша сақтық танытуға, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін төмендетуге, шұғыл тежегіш баспауға шақырамыз», - делінген таратылған ақпаратта.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 5 қазанда қала бойынша жол тазалау үшін 500-ден астам арнайы техника мен 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған.