Елордада көршісінің ақшасын ұрлаған әйел ұсталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
“Тергеп-тексеру барысында әйел адамның ұзақ уақыт бойы Тархан көшесінде орналасқан үйде бөлмені жалға алып, қасына бір адамды алып тұрып жатқаны анықталды. Кешкі уақытта үйден көшіп кетіп бара жатқан кезде көрші әйелдің тумбада тұрған әмиянын көрген. Көршісінің жоқ екенін пайдаланып, ол ақшасын ұрлаған”, – делінген хабарламада.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындап, түсінік берген. Қазіргі уақытта ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуды, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
23 қыркүйек, 2024
Астанада жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады
23 қыркүйек, 2024
Бектенов агробизнес өкілдерімен астық жинау науқанының барысын талқылады
23 қыркүйек, 2024
Астанада спорт үйірмелеріне ваучерлер берілетін күн белгілі болды
23 қыркүйек, 2024
«Таза Қазақстан»: Елорданың қоқыс полигондарынан 55 тоннадан астам қоқыс шығарылды