Елордада жас отбасылар арасында үздік бейнеролик байқауы басталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жас отбасылар арасында үздік бейнеролик байқауы басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115290717599224.webp)
Қатысушылар келесі тақырыптарды қамтитын 5 минуттан аспайтын әлеуметтік бейнеролик түсіруі керек: отбасылық зорлық-зомбылық; балаларға және басқа отбасы мүшелеріне қатыгездік; жас отбасылардағы ажырасу; қоғамға қарсы өмір салты, құқық бұзушылық және жанжалдар; некелік рөлдердің теңгерімсіздігі, бір-бірін түсінбеушілік; алкоголь мен нашақорлық; әлеуметтік жетімдік - ата-ана міндеттерін орындамау. Видео Instagram парақшасында #OtbasyBakytMekeni, #NSjastary, #Меніңотбасым, #Моясемья, #OtbasyBakytMekeni, #Отбасыммақтанышым2020 хэштегтерімен жариялануы керек. Сонымен қатар сайысқа қатысушылар @ns_jastary және @elorda.otbasy Instagram парақшаларына жазылуы керек. «Жеңімпаздарды іріктеу кезінде видеоның тақырыпқа сәйкестігі, шығармашылық жаңалығы, өзіндік ерекшелігі, дыбыс, бейне эффектінің болуы, көрермендердің эмоционалды қабылдауы ескеріледі», - деп түсіндірді ұйымдастырушылар. Өтінім мен құжаттар (неке қиюды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; телефон нөмірлері, тұрғылықты жері, әлеуметтік желілердегі парақшалар, отбасы мүшелерінің саны) elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе +7 747 694 27 37 WhatsApp нөміріне «Отбасым - мақтанышым» белгісімен жіберілуі керек. Байқау нәтижесінде 12 жеңімпаз отбасы анықталып, тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға сертификаттар алады. 1-орын - 250 мың теңге; 2-орынға екі отбасыға 150 мың теңге; 3-орынға үш отбасыға 100 мың теңгеден. Алты отбасына арналған ынталандыру сыйлықтарына 25 мың теңгеден беріледі. Өтінімдер 16 қарашаға дейін қабылданады.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)