СК-Фармацияның елордадағы қоймасында дәрі-дәрмекті үлестіру қалай жүргізіліп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![СК-Фармацияның елордадағы қоймасында дәрі-дәрмекті үлестіру қалай жүргізіліп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211528765446953.webp)
Жұмыс тобының қатарында елорда әкімдігінің қызметкерлері мен «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен қалалық экономикалық зерттеу, тауарлар мен қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің, Қаржы министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша фармаассоциациясының өкілдері болды. «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры Аймұрат Салиев елордадағы қоймада 4 млрд теңге тұратын дәрілік препараттар мен медициналық заттардың 1 400 түрі сақтаулы екенін атап өтті. «Бізде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында негізгі 4 хаб бар. Бұл үлестіруге арналған қойманың жалпы көлемі 6,5 мың шаршы метрді құрайды. Ол астананы қосқанда солтүстік аймақта орналасқан 6 өңірге қызмет көрсетеді. Мұндағы стационарлық аумақ ауруханалар мен стационарларды, амбулаторлық аумақ емханаларды, үлкен бөлім – «Астана хаб» өңірлерді қамтамасыз етед», – деді Салиев. Оның айтуынша, елге келген гуманитарлық көмек қоймада ұзақ сақталмайды, бірден өңірлерге үлестіріліп, жөнелтіледі. Сонымен қатар жұмыс тобы қоймадағы елорданың екі айлық дәрі қорын да қадағалады. «Қордағы дәрілер 44 түрлі препараттан тұрады. Олардың негізгі бөлігі ыстық түсіретін, вирусқа қарсы дәрілер, антибиотиктер, ковидтік препараттар. Тізім Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауымен бекітілген. Қазір бізде 37 түрлі дәрі бар, қалған 7 түрлі дәрі бірер апта ішінде әкелінуі тиіс», - деді «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры. Сондай-ақ ол ковидтік препараттар бойынша 15 келісімшартқа қол қойылғанын атап өтті. Егер олар дәріханаларда болмай қалған жағдайда дәрілер бірнеше сағаттың ішінде жеткізілетінін, бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты. Бұдан бөлек, Аймұрат Салиев компанияда азаматтардың шағымы мен өтінішін қабылдайтын колл-орталықтың жұмыс істеп тұрғанын тілге тиек етті.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)