Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 300 тоннаға жуық өнім ұсынылды 

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 300 тоннаға жуық өнім ұсынылды 
ашық дереккөз

"Бұл жерде ет өнімдеріне аса назар аударылған. 10 шақты етпен айналысатын саудагер жұмыс жасауда. Еттің көп мөлшері Ақмола облысынан әкелінді, сиыр етін 1 700 тг сатудамыз. ШҚО 30-40 тонна жылқы етін ұсынып отыр, бағасы 1 900 тг, қазы-қарта, жал-жая 2 100 тг саудалануда. Барлық азық-түлік ішінен ет өнімі жақсы өтіп жатыр", - дейді қалалық әкімдіктің өкілі Ермек Ширекбаев.

Сондай-ақ ет өнімдерінен басқа көкөністерді қолжетімді бағаға алуға болады. Мәселен «Грин Стар» ЖШС картоп пен сәбіз бағаларын 80 теңгеден ұсынып отыр. "Павлодар облысынан 10 тонна картоп әкелдік, бағасы тұрақты, сапалы өнім деп айтуға болады. Жалпы алғанда 40 тоннадан аса көкөніс өнімі әкелінді. Сонымен қоса сәбіз бен пиязды да арзан бағаға аласыздар. "Қыстың қамын жазда ойла" демекші, халық көп келуде және көкөністерді қаппен алуда", - дейді М-АГРО өкілі Дархан Сайділдин. Елорда тұрғындарына бұндай жәрмеңкелердің пайдасы зор. Себебі азық-түлік бағасы нарықтағыдан төмен. Айта кетсек, жылқы еті - 1 900 тг, сиыр еті - 1 700 тг, қой еті - 1 700 тг, құс еті - 900-1 200 тг, жұмыртқаның бір санаты 350 тг, бал - 1 500-2 000 тг, шұжық - 1 400-2 000, көкөністер картоп 80-90 тг, қызанақ-қияр 400 тг, алма 300-400 тг сатылып жатыр. [caption id="attachment_43813" align="alignnone" width="1280"] Фотоны түсірген автор[/caption] Жұртшылықтың пікірінше азық-түліктің бағалары көңілден шығады. Өнімдер сапалы, жақсы, бағалары тұрақты деп есептейді. "Халыққа арзан бағада ұсынып отырған азық-түліктер үшін қалалық әкімдікке рақметімді айтамын. Оның үстіне өнімдер таза болып келеді. Қолдан жасалған өнімдер шығып жатыр. Соған қарағанда мал шаруашылығы дамып келе жатқан сияқты. Осылай халықты алдамай таза қоспасыз сатса біз алғысымызды айтамыз", - дейді қала тұрғыны. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде бірнеше дилер компаниялары: Павлодар облысының «Рубиком» ЖШС, «Крегель» ЖШС және Солтүстік Қазақстан облысының «Панченко» кондитерлік фабрикасының өнімдері саудалануда. https://youtu.be/tYrOAn11V6E Айта кетсек, жәрмеңкенің айналасын қадағалап, тазалығына назар аударатын қызметкерлер де өз жұмысын жақсы атқаруда. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары барлығын міндеттеріне сай орындап жатыр. Талапқа сәйкес санитарлық ережелер сақталған.

Алтын Салық