Екпе салдыру үшін жүктіліктің ынғайлы кезеңі анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Екпе салдыру үшін жүктіліктің ынғайлы кезеңі анықталды
ашық дереккөз

Маманның айтуынша, Ресейде қазіргі уақытта "Спутник V" вакцинасын жүктілік кезінде қолдануға рұқсат берілген.

"Екпені 22 аптадан кейін салдырса болады", - деді Долгушина.

Оның айтуынша, COVID-19 жүкті әйелдер үшін қауіпті ауру, бұл акушерлік асқынулар мен ана өлімінің жоғарылауына әкеледі. Жүктілік кезінде коронавирус семіздік, жүрек-тамыр аурулары, өкпенің созылмалы аурулары, қант диабеті, қатерлі ісік, бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары бар әйелдерде аса қауіпті.

"Коронавирустың ауыр түрі мен өлімінің алдын алу үшін вакцина салдыру қажет", - деді маман.

Оның айтуынша, жүктілікті жоспарлау кезеңінде алдын ала вакцина алған дұрыс, алайда ол кезде алмаса, жүктілік кезінде салдыра алады.