Екпе алғандар мен алмағандарға вирус қалай әсер етеді – дәрігер жауабы
Көркем Асанова коронавирусқа қарсы вакцинаны алар алдында қала тұрғындары көп қоятын сұрақтарды атады.
«Созылмалы ауруы бар науқастар вакцина зиян келтірмей ме деп сұрайды. Вакцинаның тиімділігін анықтау үшін антиденелерді қашан сынақтан өткізуге болатыны да жиі сұралады. Сондай-ақ «ДДҰ қандай вакцинаны кеңес етеді?» деген сауал да көп қойылады. Көпшілік үшін бұл өте маңызды, себебі олар шетелге шығуды жоспарлайды. Бұл сұрақтарды өз тәжірибемде жиі қойылатын сұрақтардың қатарына қосуға болады», - деді дәрігер.
Ол өз сөзінде адам вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін оқшауланғаны жөн екенін қозғап өтті. Себебі адам денесі бұл уақытта әлсіз болады. Оқшаулану мүмкін болмаса санитарлық нормалар мен жеке гигиенаның қарапайым ережелерін қатаң сақтау керек.
«Вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұстануды жалғастырған жөн: бетперде тағу, қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану және т.б. Сол сияқты екінші компоненттен кейін де сақтық шараларын ұстану қажет. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін вакцинация жалғыз тиімді қорғаныс болып қала береді», - деп түсіндірді дәрігер.
Вакцина алуға болмайтындар да бар. Оларда негізінен созылмалы аурулары болып жатады. Ал екпе алғысы келмейтіндер қатары бірнеше есе аз, айтуынша олар вакцинаның тиімділігіне күмән келтіреді.
«Вакцинациядан бас тартатындардың көбінде созылмалы ауруы бар. Мысалы, эпилепсия. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес мұндай пациенттерге, сондай-ақ онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға екпе алуға болады. Бірақ аса сақтықпен және дәрігердің рұқсаты арқылы әрі алғаннан кейін медициналық бақылауда болу қажет», - деп түсіндірді Көркем Асанова.
Вакцинацияланған азаматтар да коронавируспен ауыруы мүмкін екендігі белгілі. Алайда жұқтыру ықтималдығы вакцина алмаған адамға қарағанда төмен, ал ауырған жағдайда ауру жеңіл өтеді.
«Амбулаториялық емделушілерде ауру оңай өтеді. Мысалы, КТ суреттерінде вакцинацияланбаған адамдарда өкпенің зақымдануы 30% және одан жоғары екенін байқаймыз. Ал екпе алған адам жұқтырған жағдайда зақымдану көрсеткіші 3-4%-ды көрсетеді. Айырмашылықты COVID-19-дан кейінгі сынақтардың нәтижесінен де көруге болады. Екпе алғандар нормаға әлдеқайда жақын», - деп қорытындылады дәрігер.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша бүгінде елордада КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алды, ал 317 мыңға жуық азамат толық иммундаудан өтті.