4 млрд теңгенің дәрілік препараттары елордада СК-Фармация қоймасында сақтаулы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![4 млрд теңгенің дәрілік препараттары елордада СК-Фармация қоймасында сақтаулы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211530443052535.webp)
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Исқалиев дәрілік препараттарды тасымалдау төңірегінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. «Бұрын авиахабтар арқылы тасымалдау екі аптаға дейін баратын. Қазір бір тәуліктің ішінде кез келген қоймаға жеткізіледі. Мұнда 4 млрд теңгенің дәрілері сақталуда. Оның 400 миллионы — коронавируске қарсы дәрілер. Осы бағыт бойынша бүгінде медициналық ұйымдарда 110 пайыз ұстап отырмыз. Бір айлық қорды қоймада емес, медұйымдарда сақтау тапсырылды. Біз оны үнемі жаңартып отырамыз», — Исқалиев. СК-Фармация басшысының айтуынша, бүгінде 4 хаб арасында 60 пайыз сатып алынған дәрі өнімі үлестірілген. «Біз барлық қоймаларға үлестіре алмаймыз. Өйткені өңірлердің қоймаларының көлемі 300 шаршы метрден ғана. Оған тек екі фура жүк сыяды. Қоймаларда сақтау мүмкін болмайтындықтан, өңірлердің медұйымдарына дәрілерді ірі жүк көліктері тасымалдайды», — деді ол. Қоймалардағы екі айлық дәрі қоры медұйымдардың өтінімінен тыс құрылған. Ерхат Исқалиев осы айдың соңына дейін қордың мөлшері 100 пайыз болатынын атап өтті. «Көліктер күн сайын келеді. Өтінім бойынша бізде 400 бағыт бойынша қор екінші толқын бола қалған жағдайда дайын тұрады», — компания басшысы. Сонымен қатар компания өкілдері өздерінің сайттарында гуманитарлық көмек пен хабтар мен медұйымдардағы қалдық туралы ақпаратты жариялайтынын жеткізді. Өз кезегінде «Астана адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Шекенов медұйымдарға жөнелтілетін дәрілік препараттарды есептеу жүйесінің автоматтандырылғанын атап өтті.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)