Елордада «ЭкоАсар» экологиялық марафоны өз мәресіне жетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «ЭкоАсар» экологиялық марафоны өз мәресіне жетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211530237776926.webp)
Жиналған ақшаға әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына 6 ноутбук және қараусыз қалған жануарларға 1 200 кг-нан астам азық жеткізілген. Сондай-ақ, экоасарға демеуші болған компаниялар қосымша 6 ноутбук сыйлаған. Осылайша, барлығы 12 дана техника қайырымдылыққа табысталды.
«Мен алты баланың анасымын. Жанұямыз үшін баламызға осындай ноутбук алып беру біз үшін қол жетпес арман ғана еді. Міне, бір күнде арманымызға жеттік. Біздің жағдайымызды түсініп, ұсынған мектеп директорымызға рақмет», - деді күміс алқа иегері Әтіргүл Рахимова.
Экологиялық акцияның қорытындысы бойынша қайталама шикізат жинауда үздік нәтиже көрсеткен мектептер марапатталды. №54 мектеп – 3 тонна 280 кг, №85 мектеп 3 тонна 172 кг, №59 мектеп 2 тонна 640 кг қаптама қалдығын қайта өңдеуге тапсырған. Жеңімпаз мектептерге тамшылатып суаруды ұйымдастыруға арнаған сертификаттар берілді.
[caption id="attachment_43230" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
Жобаны ӨКМ Операторы, Нұр-сұлтан қаласының Білім басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігі өткізді.
«ЭкоАсар» экологиялық марафонының эстафетасы онлайн байланыста Семей қаласына табысталды.
Көктем ҚАРҚЫН
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)