Елордалық еріктілер аз қамтылған отбасыларға 500 келіге жуық картоп таратты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық еріктілер аз қамтылған отбасыларға 500 келіге жуық картоп таратты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211530155936423.webp)
Сондай игі істердің бірінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ерікті жастары мен “Ауыл жастары” қоғамдық жастар бірлестігі бірігіп, аз қамтылған отбасыларға картоп таратты. Жалпы 500 келіге жуық картоп жеткізілген. “Жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектерге картоп тараттық. Әр отбасыға 10-15 келіден картоп таратылды. Жалпы 30-дан аса отбасыға және мешіттерге де таратылды. Бүгін картоп таратсақ, оның алдында ет тараттық, оның алдында кеңсе тауарларын бердiк. Қыс уақытында су алу қаупiнен арылту үшiн ерікті жастармен бірге қарттарға, мүгедек кісілердің, соғыс ардагерлерінің үй-жайын қардан тазартуға да көмек беріп тұрамыз”,- дейді ерікті, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ өкілі Ақылбек Данабекұлы. Айта кетсек, бұл шара Birgemiz: Qamqor жалпыұлттық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасылар мен қарияларға көмек көрсететін волонтерлық бағыттың бірі. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланды. Мұқтаж адамдарға көмек көрсету қажеттілігі - қоғамдық сана мен жауапкершіліктің көрінісі. Еріктілер биыл Арыс қаласын қалпына келтіруге көмектесіп, пандемия кезінде мұқтаждарға көмек жеткізді, маскалар таратты және бұған дейін Қазақстанның астанасында өткен халықаралық іс-шараларға қатысты.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)