«Қайрат» сырт алаңда «Фола» командасын ойсырата ұтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қайрат» сырт алаңда «Фола» командасын ойсырата ұтты
ашық дереккөз

Алаң иелері алғашқы болып есеп ашқанымен, Вагнер Лав бастаған ел чемпиондары 4 доппен жауап қатты. Ойынның 19-минутында Мирза Муставич «Фола» командасын алға шығарғанымен, 28-минутта Артур Шушеначев есепті теңестіріп кетті. Одан кейін Рикарду Алвеш бір гол салса, Вагнер Лав екі рет мергендігімен көзге түсті. «Фола» - «Қайрат» 1:4 «Қайрат» құрамы: Покатилов, Вороговский, Дугалич, Баняк, Миканович, Альвес, Буранчиев, Оганесян, Шушеначев, Канте, Вагнер Лав. Қарымта ойын 26 тамызда Алматыда өтеді. Жеңімпаз Конференция лигасының топтық кезеңіне өтеді.