Қазақстан мен БАӘ толық масштабты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен БАӘ толық масштабты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті
ашық дереккөз

Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, әмірліктер тарапын - БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл Мазруи басқарды. Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың жаңа бағыттары мен ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, инвестициялар, энергетика, логистика және көлік, ғарыш, цифрлық технологиялар және инновациялар, денсаулық сақтау, білім, еңбек, техникалық реттеу және стандарттау, геология, туризм, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы шарт-құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында сауда миссияларын, бизнес-форумдарды және басқа да бірлескен іс-шараларды өткізіп тұру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Пікір алмасу барысында тараптар сауда миссияларын, бизнес-форумдарды және басқа да бірлескен іс-шараларды кезең-кезеңімен өткізуге келісті. Сондай-ақ, жасанды интеллект, цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды әзірлеу туралы уағдаласты. Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.