ЖОО оқытушыларының шекті жалақысы 350 мыңға дейін көтеріледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЖОО оқытушыларының шекті жалақысы 350 мыңға дейін көтеріледі
ашық дереккөз

Министр алдымен өткен жолы грант құны 340-420 мың теңгеден миллион теңгеге көбейгенін жеткізді.

«Ол шешім педагогтардың жалақысын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекет тапсырысы бойынша мен қабылдаған бұйрық аясында ЖОО оқытушыларының шекті жалақысы бекітілді. Мысалы, жай оқытушыларға 200 мың, аға оқытушыларға 230 мың, педагогтарға 350 мың шекті жалақы белгіленді», - деді ол.

Сонымен қатар, ведомство басшысы бұл жалақы бойынша бір ставкаға 680 сағаттан көп жүктеме болмауы керектігін де ескертті.