Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына байланысты елордалық құтқарушылар марапатталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына байланысты елордалық құтқарушылар марапатталды
ашық дереккөз

Құтқарушыларға «Халық алғысы» медалі, «Үздік құтқарушы» төсбелгілері және ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгіновтің және ТЖ басқармасының бастығы Бауыржан Сыздықовтың Алғыс хаттары табыс етілді. «25 жыл бұрын қалада 2 өрт сөндіру бөлімі болды. Бүгінде олардың саны – 12. Енді 18 салу керек. Екіншіден, біз құтқарылған адамдардың санымен мақтанамыз. 25 жыл ішінде Нұр-Cұлтан қаласында 8 055 адам құтқарылып, 42 мың адам төтенше жағдай орын алған жерден сыртқа шығарылған. Ал 2 мыңнан аса адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деді азаматтық қорғау полковнигі, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ басқармасының бастығы Бауыржан Сыздықов.  Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органмен бірлесіп қар мен су тасқыны жағдайы және өрттен сақтану жөнінде ескерту жұмыстары жүргізілуде. «Қысқы кезеңде қар құрсауында қалған 1 088 құтқарылды. Оның 25-i – аяғы ауыр әйелдер. Өкінішке қарай барлық төтенше жағдайлардың басым көпшілігі — өрт. Осы бағыт бойынша әкімдікпен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Күн сайын, жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоғары деңгейге көтеріліп келеді», — деді полковник. Марапатқа ие болған қызметкерлердің бірі — күш пен құрылым жедел басқармасы орталығының диспетчері Зухра Сабырова. Оның өртке қарсы қызметте еңбек етіп жүргеніне 10 жыл болған. «Біз күш-құрылымды өрт сөндіруге бағыттаймыз. Біздің жұмыста дұрыс шешім қабылдай білу, керек ауданға қажет техниканы жіберу өте маңызды. Қоңырау шалған азаматты ең алдымен сабырға шақыру қажет. Ең бастысы ғимараттың ішінде адамның бар-жоғын сұрау керек. Өйткені адами фактор – ең бірінші орында. Қызметіміз жемісті болып, барлығы аман болса екен деп тілеймін», — орталық диспетчері.