Елордада карантин шараларын сақтауды қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада карантин шараларын сақтауды қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтілді
ашық дереккөз

Күн тәртібінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай мәселелері және мобильді топтардың жұмысын күшейту, сондай-ақ жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу мәселелері талқыланды. Жалпы, елорда короновирус инфекциясы бойынша сары, қауіпті аймаққа кіреді. Сондықтан ерекше назар аударуды талап етеді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде ШОБ субъектілері тарапынан карантин шаралары мен санитарлық ережелер бірнеше рет сақтамалмаған. "Осыған байланысты құқық қолдану практикасы және ескертуді азайту мақсатында карантин шараларын үнемі бұзатын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру мәселесі қаралатын болады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.  Сондай-ақ отырыс барысында салынған тыйымға қарамастан, кейбір ойын-сауық мекемелері өз қызметін жүзеге асыруды жалғастыруда. Ал мобильді топтар өкілдері нысанға кіріп, бұзушылықтарды тіркей алмайды. Өйткені күзет кіруге кедергі келтіреді немесе нысан өз қызметін жабық есік режимінде жүзеге асырады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен covid-19-дың таралуын болдырмау үшін шетелден немесе еліміздің өзге өңірлерінен келушілерді ПТР-тестілеуден бұрынғыдай өткізу қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ карантин режимі мен санитарлық нормалардың сақталуын тексеретін мобильді топтардың жұмысын күшейту тапсырылды. Сонымен қатар әлеуметтік нысандарды, кәсіпкерлік субъектілерін және т.б. ғимараттарды үнемі дезинфекциялау жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы айтылды. Сол сияқты азаматтардың қарапайым ережелерді сақтап, өз өмірлерін ғана емес, өзге де отандастарының қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, міндетті түрде бетперде тағып жүру қажеттігі ескертілді.