Елордада жыл басынан бері көше саудасына 20 жер учаскесі бөлінді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жыл басынан бері көше саудасына 20 жер учаскесі бөлінді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107358744931364.webp)
Бүгінгі таңда жобаны іске асыру аясында 1700-ден астам жұмыс орны құрылып, жеке инвестиция ретінде 1,1 млрд теңгеден астам қаражат тартылды. Бөлінген учаскелердің жалпы ауданы 8 313 шаршы метрді құрайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлерге «Astana» ӘКК» АҚ жер учаскелерін беру бойынша қолданыстағы қағидаларға сәйкес арнайы комиссияның шешімі негізінде жылына 30-дан аспайтын жер учаскелерін беру көзделген. Бөлінген жер учаскелері жеміс-жидек, көкөністер, тамақ өнімдерін, дайын өнімдер (сусындар, балмұздақ, фаст-фуд) сататын объектілерді орналастыруға арналған. Елорда әкімдігінің хабарлауынша тұрғын үй алаптары мен жаңа құрылыс жүріп жатқан аудандардан учаскелер бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қалада көптеген қоғамдық кеңістіктер, алаңдар мен саябақтар ашылуда. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген орындарды сауда павильондарын орналастыру арқылы дамытуға мүдделі. Бүгінгі күні «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жер учаскелерін беру жөніндегі аукционның кезекті кезеңін дайындауға кірісіп кетті. Аукционды 2021 жылдың қыркүйегінде өткізу жоспарланып отыр.