Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
ашық дереккөз

Антициклонның әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа райы күтіледі. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуімен қысқамерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Солтүстікте 23...30 градусқа, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25...40 градусқа, орталық пен шығыста 17...35 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Ал Қазақстанның батысында болса, ыстық ауа райы сақталады және негізгі фондық температура 32...41 градус аралығын қамтитын болады.