QazTrade мен KITA ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
QazTrade мен KITA ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ашық дереккөз

Қол қойылған құжатқа сәйкес тараптар Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы өзара сауданы (экспортты ілгерілету, электрондық коммерция, логистика) дамыту саласында қарым-қатынас орнатуға ниетті. Тараптар бірлескен инфрақұрылымдық және экспортқа бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан Корея Республикасының Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі (2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Кореямен тауар айналымы 5,9 млрд АҚШ долларын құрады). Осы жылдың 6 айында Қазақстанның Кореяға экспорты 76,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары. Корея Республикасына отандық өңделген өнім экспортының күтілетін көрсеткіші жыл қорытындысы бойынша 214,6 млн АҚШ доллар құрайды.