Қазақстан Ауғанстанға ұнды қалай экспорттамақ?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан Ауғанстанға ұнды қалай экспорттамақ?
ашық дереккөз

Бұған дейін ұнды экспорттауға уақытша шектеу қойылғандықтан, Ауғанстанмен ұзақмерзімді келісімшарт жасалмаған. Енді Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган саяси шиеленіске қарамастан, азық-түлікке сұраныс азаймайтынын айтып отыр. Қазірдің өзінде ауған жеріндегі нан қоры таусылып барады.

«Бұған дейін біз жүктің қауіпсіздігі туралы ойланған жоқпыз. Ендігі жағдай басқа. Қазір Ауғанстандағы банктер жұмысын бастай ма, жоқ па, ол да бір мәселе болып тұр. Халықаралық қаржы ұйымдарының әрекетін болжау қиын. Дегенмен елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет. Меніңше, ай соңына дейін кіммен және қалай жұмыс істейтініміз нақтыланып қалар. Осы саяси жағдайға қарамастан, Ауғанстан қазақстандық ұн мен астықты сатып алатынына сенімдімін», - дейді Евгений Ган.

Былтыр қазақ-ауған арасындағы тауар айналымы 55 пайызға артып, 624 млн долларға жеткен. Әсіресе, біздің экспорттың үлесі басым. Ол да 55 пайызға өсіп, 622 млн доллар болды. Қазақстан Ауғанстанға 334 млн доллардың ұнын және 117 млн долларға бидай сатқан.