Байқоңыр ауданында дабыл датчиктерін тұрғын үйлерге орнату жұмыстары жалғасуда

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Байқоңыр ауданында дабыл датчиктерін тұрғын үйлерге орнату жұмыстары жалғасуда
ашық дереккөз

Арнайы дабыл құрылғысы көміртегі тотығы мөлшерден тыс асып кеткен жағдайда белгі беріп, уақытында анықтап, құтқаруға көмектеседі.

"Дабыл құрылғылары аз қамтылған отбасылардың үйлеріне демеушілер есебінен орнатылады. Жалпы саны 200 дабыл құрылғысын орнату көзделген. Мұндай құрылғылардың тиімділігі – жинақы және батареяларды ауыстырудан басқа ерекше күтімді қажет етпейді. Дыбыстық сигнал арқылы ауадағы улы газдың мөлшерден тыс асып кеткені туралы хабарлайды", - делінген аудан әкімдігі таратқан ақпаратта.