Жыл басынан бері 10 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері 10 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келген. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанды. 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,2%-ды және зейнеткерлер 18,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 45,6%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.