Қазақстанда даму ерекшеліктері бар балалардың сенсорлық интеграциясы бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда даму ерекшеліктері бар балалардың сенсорлық интеграциясы бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды
ашық дереккөз

Аталған бағдарламаға үш кезеңдік іріктеуден өткен психологтар, дефектологтар, логопедтер, дәрігерлер, ЕДШ/АДШ жаттықтырушылары және ЖОО оқытушылары қатысты. Курс шеңберінде қабылдаудың тактильді, вестибулярлық, проприоцептивті және басқа да әдістеріне және сенсорлық сезімдерге бағдарланған аутистік спектрі бұзылған балалармен жұмыс жасаудағы сенсорлық-интегративтік тәсіл зерделенетін болады. Сенсорлық интеграция қарым-қатынасты жақсартуға, стереотиптік қайталанатын қозғалыстардың азаюына, зейіннің шоғырлануына ықпал етеді, сонымен қатар көптеген елдерде қолданылатын эрготерапия бағдарламасының бөлігі болып табылады. Дәрістер мен практикалық сабақтарды дәрігер, физикалық оңалту жөніндегі маман, «Физикалық оңалту» АКҰ директоры Екатерина Клочкова және нейропсихолог, денеге бағытталған практикалар бойынша маман, «Сөйлеу аумағы» логопедтік орталығының, Емдік педагогика орталығының сарапшысы Мария Шапиро сияқты ресейлік сарапшылар өткізеді. Бұл курстың басты мақсаты аутистік спектрдегі аурулары бар балаларға көмек және түзету көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерінің бағдарламасына эрготерапияның бір бөлігі ретінде сенсорлық-интеграциялық тәсіл әдістерін енгізу болып табылады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы алған білімі мен құзыреттілігі негізінде өзінің сенсорлық интеграция курсын әзірлейді және оған денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдардың кемінде 10 қызметкерін өтеусіз негізде оқытады деп жоспарлануда. Бұдан басқа, білім алғандар арасында мастер-жаттықтырушылар іріктеліп алынады, олар жоғары оқу орындары үшін ұлттық әдістемелер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тартылатын болады, сондай-ақ кейіннен денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің мамандарын жаппай оқытуды бастайды.