Оңтүстік Корея студенттері Абай шығармашылығымен танысты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Оңтүстік Корея студенттері Абай шығармашылығымен танысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107362849907316.webp)
ашық дереккөз
Атақты қазақ ақынына арналған онлайн дәріс Сеулде өтті. Түркітану институтында өткен іс-шараға хәкім Абайдың шығармашылығын корей тіліне аударған аудармашы, ақын Ким Бён Хака қатысты. Онлайн-дәріс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған іссапарымен орайластырылды. Ал бүгін Сеулдегі кибер университетінде ұлы ақынның құрметіне жасалған ескерткіштің ашылуы өтеді.
"Осы дәрістер арқылы қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаевпен жақынырақ таныстым. Оның шығармашылығы мен даналығына тәнті болдым. Әсіресе Ескендір поэмасы әсерлі болды. Онда ұлағатты, нақыл сөздер көп екен", — деді Түркітану институтының қызметкері Ли Ен Джон.
Ұқсас жаңалықтар