Биыл жалпыға міндетті оқу бағдарламасы арқылы 15 мың оқушыға көмек көрсетіледі – Көлгінов
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл жалпыға міндетті оқу бағдарламасы арқылы 15 мың оқушыға көмек көрсетіледі – Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107361926399384.webp)
ашық дереккөз
«Азаматтарды тұрақты түрде қабылдап тұрамыз. Жеке қабылдауға жазылған 8 адамды қабылдадым. Оның барысында шамамен 20 сұрақ қамтылды. Негізгі проблемалардың қатарына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, елді мекендерді дамыту, жұмысқа орналасуға көмектесу, абаттандыру жатады. Аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде», - деп жазды елорда әкімі.
Әкім азаматтарды қабылдау барысында жалпыға міндетті оқу бағдарламасы қозғалғанын мәлім етті.
«Бірер аптадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Қабылдау барысында жаңа оқу жылына қатысты сұрақтар да қамтылды. Биыл жалпыға міндетті оқу бағдарламасына (мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарлары) қатысатын оқушылар санын арттырамыз. Осы бағдарлама аясында 15 мың оқушы қамтылады. Жалпыға міндетті оқу аясында көмек алуға өтініш беру үшін ата-аналар баласы оқитын мектепке жүгінуі керек. Бұл әлеуметтік көмектен басқа бірқатар басқа бағдарламалар бар», - дейді Алтай Көлгінов.
Әкімнің айтуынша, апта сайынғы қабылдаулардан бөлек, өзара байланысты күшейту үшін қаланы аралау, қала тұрғындарымен кездесулер, Birge платформасы көмектеседі. Платформа арқылы қала тұрғындары елорданы дамыту бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын жеткізе алады.
Ұқсас жаңалықтар